Адами капитал

Р.Иманқұлов: Азаматтық қорғаныс мәселесінде жеделдік аса қажет

Азаматтық қорғаныс мәселесінде жеделдік аса қажет, деді «Ең оперативті баспасөз хатшысы» аталымы бойынша жеңімпаз атанған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Нұр-Сұлтан 25 Маусым, 14:12

«Баршағызды келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жеделдік барлық салада қажет. Бірақ, азаматтық қорғаныс саласында аса қажет. Мен байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Ең бастысы – жариялау. Баршамыздың өмірімізде төтенше жағдайдар аз болсын», - деді Р.Иманқұлов  

ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлерi күнi қарсаңында «Қазконтент» АҚ Бас редакторлар клубымен бiрiгiп, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің қолдауымен Қазақстанның үздiк баспасөз қызметтерiн марапаттады. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған «2016 жылдың үздiк баспасөз қызметi» республикалық байқауына мемлекеттiк органдар, әкiмдiктер мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерi мен баспасөз хатшылары қатысты.Салтанатты рәсіміһнің соңында «Ең оперативті баспасөз хатшысы» аталымы бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов марапатталды.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика