Адами капитал

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өз жұмысында үздік атанды (ФОТО)

Ақпарат және байланыс күні қарсаңында «Казконтент» АҚ Бас редакторлар клубымен бірігіп алғашқы рет «2016 жылдың үздік баспасөз қызметі» атты байқау өткізді, шараға мемлекеттік орган мен әкімдердің, ұлттық компаниялардың баспасөз қызметі қатысты.
Нұр-Сұлтан 25 Маусым, 12:59

ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлерi күнi қарсаңында «Қазконтент» АҚ Бас редакторлар клубымен бiрiгiп, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің қолдауымен Қазақстанның үздiк баспасөз қызметтерiн марапаттады. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған «2016 жылдың үздiк баспасөз қызметi» республикалық байқауына мемлекеттiк органдар, әкiмдiктер мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерi мен баспасөз хатшылары қатысты. 2016 жылдың 10-21 маусым аралығында өткен дауыс беруге республикалық БАҚ редакциялары қатысты.

Дауыс беру BNews.kz базасында «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі», «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі», «Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі», «Кәсіби құрмет» деген 4 аталым бойынша жүзеге асты.

Марапаттау рәсімінде «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі» аталымы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі жеңімпаз атанды. Осы аталым бойынша ең көп дауыс жинағандар қатарында ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бар.  

Ал «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі» аталымында Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жеңіске жетті. Осы аталым бойынша Астана әкімдігі мен Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметтері де көп дауыс жинағандар қатарынан табылды.

«Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі» аталымында «ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша БАҚ өкілдері сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК»АҚ пен «Бәйтерек» Холдингін жеңімпаз деп тапқан екен.

«Кәсіби құрмет» арнайы аталымында ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Ернұр Уәли жеңіске жетті. Осы номинация бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов пен ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың еңбегі жанды.

Салтанатты рәсіміһнің соңында «Ең оперативті баспасөз хатшысы» аталымы бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов марапатталды.





Яндекс.Метрика