EXPO-2017

Миланда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі мен ЭКСПО-2017 таныстырылды

Миланда Италиядағы Қазақстан Елшілігі POWER GEN Europe халықаралық энергетикалық көрмесіне қатысты, шара 1993 жылдан бастап Еуропалық континенттегі ең ірі шара болып табылады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 27 Маусым, 09:32

Көрменің тақырыптық атауы термальдік энергеикалық ұстаным, гидроқұрылым, жаңартылған энергия көздері, ақпараттық технологияларды қамтиды. Алдын ала мәліметтер бойынша шараны 900 делегаттың  10 мың адамы тамашалаған.

Көрме аясында  Қазақстан елшілігі жеке стендтің мұқабасын  дайындады, оның тақырыбы Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған.

Сондай-ақ, көрме аясында ұйымдастырылған семинарда қазақстандық дипломаттар  «Қазақстан экономикасының тартымдылық факторы» мен Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған таныстырылым өткізді.Power Gen көрмесінде (FATA SpA, Danieli Group, Ilmed Impianti, Flenco, Verb халықаралық компаниясында энергетикалық сала өкілдерімен кездесулер өткізілді.

 

 





Яндекс.Метрика