ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР ҰКП ауылдағы кәсіпкерлердің 20-дан астам жобасын 135 млн теңгеге қаржыландырды (БЕЙНЕ)

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауылдағы кәсіпкерлердің 20 жобасын 135 млн теңгеге қаржыландырды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыспен қамту жөніндегі департаментінің директоры Жеңіс Дулатов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 27 Маусым, 09:16

«Бүгінде 135 млн теңгеге 21 жоба қаржылындырылды. Өтініш бергендердің құны 700 млн теңгеден асты,  ал қаржыландыру қоры 3 млрд теңгені құрады», - деді сарапшы.

Ж.Дулатов айтып өткендей, ҰКП жобасы бизнес-жоспардың сапасы мен жобаның өзіне бағытталған.

«Біздің бір-бірімізден айырмашылығымыз, бірінші кезекте, жоба мен оның бизнес-жоспарына бағытталған.  Егер жоспар сапалы болса, жоба максималды түрде жүзеге асырылады.  Біз кепілдікке қандай зат бар соны аламыз», - деді ол.

Ж.Дулатованың айтуынша, несиені беруді ҰКП қызметкерлері емес, қоғам шешеді.

«Бізде әрбір аймақта кәсіпкерлер бастаушы кәсіпкерлерге кеңес беріп барынша ақпаратпен бөлісуге дайын болатын мамандар тобы жұмыс істейді», - деді ол.

Индира Кауметова

Бейне:Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика