Өңірлер

ОҚО-да жыл соңына дейін 1 140 пәтер пайдалануға беріледі

Оңтүстікқазақстандық БАҚ өкілдері мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында салынып жатқан көпқабатты үйлер құрылысының алаңында болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область25 Маусым , 12:14

«Қазақстан иппотекалық компаниясы» мамандарының мәліметінше, жыл соңында көлемі 5,4 мың шаршы метр болатын 96 пәтер пайдалануға берілетін болады. Олардың 24-і бір бөлмелі баспаналар болса, 48-і екі бөлмелі, 24-і үш бөлмелі пәтерлер болмақ. Осы жылдың желтоқсан айында берілетін баспаналар газ плиталарымен қамтамасыз етілген.

«2016 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары негізінде «Түркістан айналма жолы бойында көп қабатты тұрғын үй құрылысы» жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісім жасалды. Жалпы алаңы 7,8 мың ш.м. болатын 144 пәтерлердің – 36-сы бір бөлмелі пәтер (39,68 м2), 72-і екі бөлмелі (54,39 м2 бастап 55,21 м2 аралығында), 36-сы үш бөлмелі пәтерлер (68,48 м2 бастап)», – деп атап өтті «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Болат Досмұхаметов журналистермен кездесуде.

Мұнан бөлек, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ мен «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы - «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағдарлама аясында Шымкент қаласында жалпы алаңы 51 мың шаршы метр болатын 900 пәтердің құрылысын жүргізуде.

Осылайша 2016 жылы барлық Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы алаңы 64,2 мың ш.м. болатын 1 140 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Анықтамалық: Бүгінгі таңда ОҚО-да 36 407 азамат (оның ішінде, 21-і мүгедек және соғыс ардагері, 3198-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 17697-і халықтың әлеуметтік тұрғыдағы әлсіз тобы, 15425-і бюджет саласындағы азаматтар, 66-ы жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар) мемлекеттік тұрғын үй қорында баспана кезегінде тұр. Олардың 21548-і Шымкент қаласында тіркелген.




Яндекс.Метрика