Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР ҰЭМ Ұлттық банкпен бірлесе экономикадаға жалпы ставканы төмендетуге жұмыс істейді

Біз ҚР Ұлттық банкімен экономикадағы жалпы ставканы төмендету бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев халық алдындағы есептік кездесуінде хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 18:57

«Біз ҚР Ұлттық банкімен экономикадағы жалпы ставканы төмендету бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, егер біз жыл аяғында инфляцияның 6-8 % күтсек, онда Ұлттық банк беретін несие ставкалары да осы параметрге жақын болуы керек. Және бірқатар базалық ставканы төмендету керек болады. Бүгін ол 15 % деңгейінде. Бұл мәселеде Ұлттық банк құзыретімен экономикалық өсімді қолдап, бұл ставканы кезең-кезеңімен төмендетуді бастаймыз. Ұлттық банктің осы бағыт аясында Үкімет мүшелері мен осы құрамға кіретін мүшелердің алдында бұл мәселені қоямыз және талқылаймыз. Мұнда әңгіме бюджеттен субсидиялау мен тарту жөнінде емес, жалпы экономиканы несиелеу ставкасы жайында болады»,-деп мәлімдеді министр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика