Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Салық және Кеден туралы кодекстерін біріктіру мәселесі 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады

Салық және Кеден туралы кодекстерін біріктіру мәселесі 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев халық алдында берген есебінде айтты.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 18:04

«Министрлік салық жүйесін түбегейлі реформалаумен айналысып жатыр, ол Салық және Кеден  туралы кодекстерін біріктіру мәселесіне байланысты. Аталмыш мәселенің күрделілігі мен маңыздылығын қарастыра отырып, оның бизнеске әсерін де ұмытпаймыз. Жалпы, Қазақстан экономикасы мен аталмыш жобаның әзірленуін толық қарастыру мақсатында Салық және Кеден  туралы кодекстерін біріктіру мәселесі 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады», - деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, министрлікте жұмыс тобы қызмет етеді. Жұмыс аясында топтар бұл мәселені бірнеше мәрте көтерді.

«Біз кәсіпкерлерді қатты мазалайтын мәселені түсіндік. Айта кетерлігі, сату салығына келетін болсақ, ол шынымен де көп сұрақтар туғызады. Жалпы, министрліктің ұстанымы бизнесті қолдау. Бүгін ыңғайсыз болған жүйені екінші рет қайталамау. Сондықтан да жұмыс тобы бұл мәселені қозғамауды шешті. Бірақ, соңғы шешім Үкімет деңгейінде  жүзеге асырылады», - деді Қ.Бишімбаев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика