Халықаралық интеграция

Сенатор И.Адырбеков Шарль де Голль Қорының Президенті Жак Годфренмен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Шарль де Голль Қорының Президенті Жак Годфренмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 17:54

Кездесу барысында Қазақстан-француз ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстарды тереңдету екі ел халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Сенат пен Франция Ұлттық Жиналысында парламентаралық достық тобының құрылғаннан бері 20 жыл ішінде жүйелі түрде парламенттік сапар алмасу болып тұрды»,- деді И.Адырбеков. Сенат комитетінің төрағасы экономикалық саладағы екі жақты қарым-қатынастар туралы айта келіп, Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жаңа ынталандыру шараларының топтамасы қабылданғаны жайында хабардар етті.

2005 жылдан бастап, біздің елімізде француз инвестициясының көлемі 12 миллиард доллардан асты, Франция азаматтарының Қазақстанға визасыз тәртіппен келіп кету мүмкіндігі келесі жылдың соңына дейін ұзартылды. Кездесуге сенатор Мұхтар Алтынбаев та қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика