Басқару

Ұлттық қордан ШОБ-ті қолдауға бөлінген қаржы 17 мың жұмыс орнын ашады – ҰЭМ

Бүгінде Ұлттық қордан қолдауға 347 млрд теңгенің 1429 жобасы қолдауға ие болды. Ол 1,2 трлн теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік беріп, 17 мың жұмыс орнын ашады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев халық алдында берген есебінде айтты.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 17:19

«Бизнесті енгізуді жетілдіру мақсатында бүгін жеңілдіктер мен рұқсат беру құжаттарының саны азайды. Мемлекеттің  жеке бизнес аймағына қатысуы шектелді. Бизнес-омбудсмен институтының  нығайту шаралары Қазақстандағы бизнес орталарындағы сенімділікті арттырды», - деді министр.

Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде заңнамалық түзетудің 4 топтамасы қабылданды, олар бизнестегі қаржылық шығынды қысқартуға бағытталған.

«Бұл жұмыс елдің инвестициялық әлеуеті мен Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына енуіне әсер етуі керек», - деді ол.

Министр  айтып өткендей, бизнесті енгізу шараларын жақсарту мақсатында  бизнесті қолдаумен байланысты.

Өңдеу өнеркәсібі  өндірісінде  кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруда Ұлттық қордан үш транш негізінде 300 млрд теңге бөлінді.  Қаржы екінші дәрежелі банк тарапынан 6 пайыздықпен қолжетімді.

«Бұл 1,2 трлн теңгенің өнімін шығаруға мүмкіндік береді, 17 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бюджетке түсетін салықты 111 млрд теңгеге қамтамасыз етеді», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика