Инновациялар

Алматыда Инновациялық технологиялар паркі жаңа технологияларды тестілеу үшін Google компаниясын тартуды көздеуде

Алматыда Инновациялық технологиялар паркі жаңа технологияларды тестілеу үшін Google компаниясын тартуды көздеуде . Бұл туралы ОКҚ-де, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қордың бас директоры Санжар Кеттебековтың қатысуымен «Қазақстан экономикасының жаңа салаларын қалыптастыруда «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры қызметінің негізгі бағыттары» атты брифингте мәлім болды.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 17:04

«2016 жылы «Google» компаниясын тарта отырып автоматтандыру бойынша (Терең талдау модуль) 4 модульдің бірін іске қосу жоспарланып отыр. "Google"-дың мүдделілігі жаңа индустриалды интернет (Индустрия 4.0) бойынша жаңа шешімдерді әзірлеу және тестілеу. Қалған 3 модуль (Модельдік өндіру, Терең өңдеу және Энергия тиімділігі) жер қойнауын пайдаланушылардың 1% ЖЖТ көлеміндегі ҒЗТКЖ және оқытуды қаржыландыруды тарту арқылы іске қосылады», - делінген баспасөз хабарламасында.

«Компания «Materia» мұнай өнімдерінен жаңа материалдарды алу үшін платформа береді және әрі қарай 3D принтерлеріне материалдарды әзірлеуге мүдделілік танытты. 2016 жылы жаңа композиттікмен мұнай құбырлары үшін коррозияға қарсы жабындар алуға бағытталған екі пилоттық жобаларды әзірлеу жоспарланып отыр. «McKinsey & Co» компаниясы жобаға 50% инвестициялайды және басқа да ТҰК тартады», - деді Санжар Кеттебеков.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика