Адами капитал

2016 жылдың соңына дейін 6 500-ден астам қазақстандықты армия резервіне даярлайды (ФОТО)

Алматы қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери-техникалық мектептің Алматыдағы филиалына кезекті үміткерлерді іріктеу аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 25 Маусым, 10:49

Оқуға барлығы 90 адам қабылданды. Олар «Атқыш» мамандығы бойынша даярлық курсынан өтіп, содан кейін қазақстандық армияның оқытылған әскери резервінің құрамына кіреді. Үміткерлерді іріктеу кезінде оларға отбасы жағдайы бойынша, некеде тұруы, бір және одан көп балаларының болуына байланысты әскерге шақырылуын кейінге қалдыру құқығы беріледі.

Сондай-ақ бұл құқық 22-ден 27 жасқа дейінгі азаматтарға да беріледі. Алматы қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары берген мәліметтер бойынша әскери-техникалық мектептерге үміткерлерді іріктеу тұрақты түрде жылына жеті рет жүргізіледі.

Бүгінгі күнге дейін Алматы қаласында 300-ге жуық адам оқуды аяқтады. Биылғы жылдың соңына дейін нарядқа сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскери-техникалық мектептің Алматыдағы филиалында барлығы 630 адамды оқытылады. Еліміздегі Қарулы Күштердің резервін 2016 жылдың аяғына дейін Қазақстанның барлық өңірінен 6 500-ден астам адаммен толықтыру жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.
 





Яндекс.Метрика