Инновациялар

McKinsey&Company жаңа технология бойынша жыл сайын 1200-ге дейін ТКМК қызметкерлерін оқытатын болады

«ИТП» мен «McKinsey&Company» ынтымақтастығы аясында тау-кен металлургия кешені біліктілік орталығы құрылады. Орталық жылына 1200-ге жуық маманды жаңа технология бойынша оқытатын болады, деп хабарлады «Инновациялық технология паркі» автономды кластер қорының бас директоры Санжар Кеттебеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:43

««Materia» және «McKinsey&Company» компанияларымен бірлесіп аддитивті технологиямен және жаңа материалмен Орталықты іске қосу жоспарлануда. «Materia» компаниясы мұнай өнімдерінен жаңа материалдар алу платформасын ұсынады. 2016 жылы мұнай құбырлары үшін тотқа қарсы жабын мен жаңа композиттық материал алу сияқты екі пилоттық жобаны дайындау жоспарлануда. «McKinsey&Company» компаниясы жобаның 50% инвестициялайды және басқа да трансұлттық компанияларды тартады. Бұдан бөлек, «ИТП» мен «McKinsey&Company» ынтымақтастығы аясында тау-кен металлургия кешені біліктілік орталығы құрылады. Орталық жылына 1200-ге жуық маманды жаңа технология бойынша оқытатын болады»,-деп хабарлады С.Кеттебеков.

Бұдан бөлек, 2017 жылы «ИТП» IBM корпорациясымен бірге қаржы технологиясы Орталығын құрады. Аталмыш Орталық аясында алдыңғы қатарлы қаржы технологиясы бойынша оқыту жүргізіледі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика