Өңірлер

ҰЭМ: Ұлттық қордың қосымша қаржысына 2016 жылы 324 мың шаршы метр жалға беру пәтері салынады

Ұлттық қордың қосымша қаржысына 2016 жылы 324 мың шаршы метр жалға беру пәтері салынады.Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев халық алдында берген есебінде айтты.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:23

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 360 млрд теңге Ұлттық қордан қазақстандықтарды әлеуметтік және жалға беру пәтерімен қамтамасыз етуге бөлінген болатын», - деді министр.

Министрдің айтуынша, осы қаржы есебінен 2016 жылы 324 мың жалға беру баспанасы салынады, 908 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй салынады, ол 15 мың пәтерге тең. 500 мың шаршы метр коммерциялық пәтер – 10 мың пәтер салынады.

«Бүгінде құрылыс белсенді жүргізілуде. 2016 жылы 31 мың пәтердің құрылысы басталды, оның 25 мың пәтері қолжетімді немесе жалға беру пәтері. Орташа құны 180-190 мың теңгені құрайды», - деді Елбасы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика