«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҰЭМ: «Нұрлы жол» бағдарламасының көмегімен ҚР-да тұрғын үй құрылысының қарқыны 4,5%-ға өсті

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының көмегімен ҚР-да тұрғын үй құрылысының қарқыны 4,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев халық алдында берген есебінде айтты.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 16:04

«Біздің министрлік айналысатын бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй шаруашылық қызметі. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының көмегімен  ҚР-да тұрғын үй құрылысының  қарқыны 4,5%-ға  өсті», - деді министр.

Жалпы, Қ.Бишімбаев айтып өткендей, 2015 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 2 млн-нан көп яғни 8.9 млн шаршы метр үй салынды.

« «Нұрлы жол» арнайы бағдарламасы аясында  пайдалануға 7,23 мың пәтерлік  427,5 мың шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға берілді», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика