ҚР ИИДМБ

ҮИИДБ: Алматының индустриаландыру картасына 2,9 млрд. теңгенің 6 жаңа жобасы қосылды

Алматыда Аймақтық үйлестіру кеңесі отырысының қортындысы бойынша 18 жаңа жобаны жүзеге асыру мақұлданды.
Алматы қаласы24 Маусым , 19:34

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұлардың ішіндегі 7,6 млрд. теңге болатын 10 жаңа жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары Алматыда кәсіпкерлерді қолдау Картасына 2,9 млрд. теңгенің 6 жаңа жобасы енгізіліп отыр. Мұнда 410 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады. Бұдан бөлек, Алматыдан республикалық индустриаландыру Картасымен 13,2 млрд. теңге болатын және 650 жұмыс орынын қамтитын 2 жоба ұсынылды.

Осылайша, Алматының кәсіпкерлерді қолдау картасының екінші бесжылдығына 170,1 млрд. теңгенің 67 жобасы енгізілмек. Бұл бойынша 10 700 жұмыс орыны құрылатын болады. Бірінші бесжылдықпен салыстырғанда жобалардың саны 3 есеге артады және жұмыс орынын құру саны бойынша 3,5 есеге артық болмақ.  

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша айта кететін жайт, 2016 жылға енген жобалар 113 құрап отыр. Кәсіпорындарда 1000 қызметкер жұмыс істейді деген жоспар бар. 




Яндекс.Метрика