Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, ШЫҰ төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды

Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, ШЫҰ төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды, деді Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Әлемде24 Маусым , 15:54

«Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарабы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға, ШЫҰ-ны дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның әлемдегі рөлі мен беделін арттыруға ниеттіміз.Осы орайда Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтар ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік-көліктік әлеуетті ашу, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдету керек.Қорытынды шара 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болмақ», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы  отырысқа қатысушы Мемлекет басшылары мен қонақтарды келесі жылы Қазақстанға келуге шақырды.




Яндекс.Метрика