Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Үндістан мен Пәкістанның ЕАЭО-ға кіруі дамудың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін көрсетеді

Үндістан мен Пәкістанның ЕАЭО-ға кіруі дамудың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін көрсетеді, деді Ташкенттегі ШЫҰ отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Әлемде24 Маусым , 15:03

 «Болашақта ШЫҰ қатарына Иранның қабылдану ықтималдығы біздің өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріміздің аясын кеңейтеді. Елдердің жаңадан мүшелікке кіретінін ескерсек, ШЫҰ Еуразияның 60 пайыздан астам аумағын, жер шары тұрғындарының 45 пайызын, әлемдегі 19 пайыздан астам ішкі жалпы өнімді қамтиды. Бір жылдан аса уақыт бұрын ғана мен Бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістік қалыптастыру бастамасын көтерген едім. Мұндағы негізгі элемент – Еуразияның тораптық орталықтарын Жібек жолының тарихи бағдарларын қайта жаңғырту арқылы инфрақұрылымдық тұрғыдан тоғыстыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Қазақстан Президенті бірқатар бағыттар бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыруды, оның ішінде ЕАЭО және Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белбеуі» жобасын ұштастыруды ұсынды.

« ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттерді біріктіретін Еуразиялық транзит-көлік хабын құруды ұсынамын. Қазақстан өз тарапынан «Жібек жолының экономикалық белбеуін» үйлесімді түрде толықтыратын «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісті. Біз құрған «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді түрде пайдаланатын кез келді деп санаймыз. Ол тәуелсіз құқықтық жүйе мен жеңілдетілген салық режімі бар өңірлік қаржылық-инвестициялық хаб болуға тиіс. Өңірдің макроэкономикалық дамуын жеделдету үшін Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің мүмкіндіктерін пайдалану маңызды. Сауда-экономикалық және қаржылық-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болашақта ШЫҰ аясында Еркін сауда аймағын құру үшін қажетті жағдай қалыптастырады, – деді Елбасы.

 




Яндекс.Метрика