ҚР Президентінің Жолдауы

Сенат АӨК-ні инновациялық дамыту мақсатында заңнамалық негізді кеңейтуге мүдделі (ФОТО. БЕЙНЕ))

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде аграрлық мәселе бойынша комитет депутаттары аграрлық ғылымды дамыту бойынша ғалым-аграрилермен кездесуі өтті. Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы аясында ауыл шаруашылығы саласында кадр дайындау мәселесі қаралды.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 18:11

Сапар барысында депутаттар университеттің ғылыми көрсеткіштерінің көрмесімен танысып, Қазақстан-Беларусь кадр дайындау орталығына барды. Сондай-ақ, Қазақстан – Қытай орталығының жұмысымен танысты. 

Парламент Сенатының аграрлық мәселелер жөніндегі  комитет төрағасы  Сергей Плотников айтқандай, аталмыш көшпелі отырыстың мақсаты  - агроөндірістік кешен мен ғылымды дамыту үшін кадр дайындаумен танысу. 

«Біз бүгін лабораториялар мен оқу корпустарымен, идеялар көрмесі және техникалық университеттің әзірлемелерімен таныстық. Көріп отырғанымыздай, кадр дайындау заманауи, инновациялық бағытта жүзеге асады. Барлық әлемдік үлгілер, ғылыми-кадрлық жетістіктер осы жерде енгізіледі. Үздік аграрлық университеттермен байланыс орнатылды», - деді комитет төрағасы.

Сергей Плотниковтың айтуынша, комитет агроөндірістік кешен бойынша 3 ірі шара өткізді. 

«Министрлікпен дөңгелек үстел өткізіп, кеңейтілген құрамда парламенттік тыңдалым ұйымдастырды. Бүгін комитетің көшпелі отырысы болды. Шараларда өзекті мәселелер талқыланды», - деді С.Плотников.

Ботагөз Айтжанова

Сурет, бейне:Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика