Өңірлер

Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты дау - жанжал мен шиеленісті сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын енгізу және дамыту туралы меморандумды бекітті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы24 Маусым , 20:27

Меморандумға Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өз қолдарын қойды.

Шара барысында Алматы әкімі ынтымақтастық жөніндегі меморандумның басты мақсаты қоғамдық өзара келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Дауды соттан тыс реттеудің бір әдісі - медиация. Бұл тәсіл бізге ежелден таныс, өйткені сонау тарихи кезеңдерде өзара дау-жанжал мен шиеленісті билер мен ақсақалдар ақылдасып, шешіп отырған. Біздің азаматтарымыз арадағы шиеленісті ушықтырып, сотқа нмесе әкімдікке жүгінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттің үш тұғыры бар. Олар- билік, бизнес және азаматтық қоғам. Міне, бұлар өзара түсіністікпен жұмыс істеулері тиіс, сонда нәтиже де жоғары болады», - деді Б.Байбек.

Жасалған келісім нгезінде қалалық әкімдік пен қалалық сот тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жандандырып, Алматының аудандық әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашатын болады. Бұл жұмысты одан әрі дамыту үшін үкіметтік емес сектор мен азаматтық қоғамдастық өкілдері кеңінен тартылады.

 

 




Яндекс.Метрика