Білім беру

НЗМ үштілді білім беруге көшуде тәжірибесімен бөліседі (БЕЙНЕ)

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚБ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова ИА Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында жалпы орта мектептердің үш тілде білім беруге көшуі бағытының үш негізін атады.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 14:42

«Бүгін мектеп бағдарламасының стандартында сағаттың басым көп бөлігі тілге кетеді. Өйткені, Қазақстанда қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылады. Мәселе педагогтар мен психологтардың міндеті – тілді меңгертуді жеңілдету бағдарламасын дайындаулары керек. Өйткені бала тілден басқа да математиканы, ғылымды меңгеруі керек»,-деді К.Шәмшидинова.

2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептері үш тілге негізделген бағытта тіл оқытудағы өзінің әдістемесін жасап алған. Бірінші талап – бұл сөйлем қызметі мен деңгейі бойынша төрт түрін дамыту бағытындағы бағдарлама.

«Бірінші – бұл нақты әр тілдің – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің оқу бағдарламасының өзі. Біз бұл жерде бірден аудармалық және грамматикалық тұрғыдан оқытудан бас тартудан бастадық. Біз бірден сөйлеу қызметінің 4 түрі негізін дамытуды бастадық. Бұл – айту, дыбыстау, жазу мен оқу. Грамматиканы мүлде оқымайды деп айтып отырған жоқпыз бұл жерде. Оны да меңгертудің деңгейге қарай тәсілдерін қолданамыз. Бала бірінші сыныптан бастап, одан әрі ақырындап деңгеймен тілді игере бастайды. Әрине, қазақ тілінің бағдарламасын дайындауда үлкен мәселелер болды. Бізде жеке сөздік болмады. Біз тілдің жалпы құрылымы туралы айтқанда, жиі қолданылатын сөздер бір оқу материалында болды. Одан кейін тіл одан әрі дамып, академиялық, заңгерлік, әдеби болып, өмірдің барлық салаларына қатысты қолданылыу аясы кеңиді. Жеке сөздіктің болмауы бізге қиындық тудырды. Кейінгі кездері екі сөздік пайда болды. Оның бірі А.Байтұрсынов атындағы тілітану институты дайындағын және екінші тілтануды бағдарлама жасаушылармен бірге дайындадық. Қазір осы сөздіктерді алып жұмыс істеп жатырмыз»,-деді педагог.

Екінші талап – бұл методика мен технологияны оқыту. Басқарма басшысының айтуынша, мектепте балаларға тілді өмірдегі жағдайларға жақын мысалдармен меңгертекен абзал.

«Алдымен осылай бастап, кейіннен тілді дамытуға болады. Ақырындап грамматикаға, сосын тілді тереңірек таныстыруға болады. Біз балаларға тек әдеби мәтіндерді ғана емес, сонымен қатар, ғылыми-әмбебап, жиі айтылатын түпнұсқалық мәтіндерді беруіміз керек. Мысалы адам әуежайға немесе вокзалға келгенде, ол хабарландыруды түсінуі керек. Бұл жиі қолданылатын түпнұсқалық мәтін деп аталады»,-деп ақпараттандырды ол.

Сонымен қатар, К.Шәмшидинова тіл сабағынан алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануы керектігіне назар аударды. Тәжірибе – бұл балалар үшін сабақ.

«Назарбаев Зияткерлік мектептеріне балалар 7-сыныптан келеді. Біз қазақ тілінде жеке беруді бастадық. Мысалы, Қазақстан тарихы, жоғары мектепте «Қазіргі замандағы Қазақстан», осыларды барлық балаларға қазақ тілінде оқытамыз. Бұл жерде тіл меңгерудегі талап орыс тіліне болсын немесе қазақ тіліне болсын бірдей қойылады. Қазақ тілді балалар екінші тіл ретінде орыс тілін алады. Ал, орысша сөйлейтін балалар екінші тіл ретінде қазақ тілін таңдайды. Бұл үшін бала белгілі деңгейде тілден хабары болуы керек. Мысалы, 6-сыныпта В1 деңгейі бар. Бұл деңгейге жеткізу үшін 1-сыныптан 6-сыныпқа дейін тиісті деңгейде оқытуымыз керек. Бала тілден айтарлықтай білім алды, енді ары қарай оны пайдалануы керек. Ешкім қазақ тілін меңгермеген балаға қазақша пәнді оқы деп отырығызып қоймайды.  Белгілі бір сағаттар бойы тілін жетілдіріп барып, содан кейін пәнді қазақша оқыта бастаймыз. Оған дейін бала пәнді қазақша меңгеретін деңгейге жетуі қажет», деді НЗМ басқарма төрағасы.

Үшінші талап – еркін жағдайда, сыныптан тыс шараларда тілді меңгерту

«Мысалы бізде «100 кітап» жобасы бар. 60 кітап қазақ тіліндегі түпнұсқа, 20 кітап орыс тіліндегі түпнұсқа, 20 кітап ағылшын тіліндегі түпнұсқа. Сондай-ақ, «100 қазақ әндері» жобасы бар. Біздің мектептерде әндер қазақша шырқалады. Өйткені өлең айтқанда, сөйлегенде – бұл бір жағынан тәрбие, патриотизм, мәдениет, екінші жағынан – бұл тілді дамытады»,-деді ол.

Еске сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-бөліміне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015-2020 жылдарға үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасын дайындаған болатын.

Анар Тәңірқұлова

Бейнетаспаны түсірген Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика