Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қорғаныс министрі ҚР Президентін армияның әскери дайындығын арттыру шаралары туралы хабардар етті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 09:20

«Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов қатысты», - делінген хабарлада.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысын Қазақстан армиясының әскери дайындығын арттыру, техникалық жарақтандырылуын жақсарту жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Қарулы Күштерді одан ары реформалау жолдары қарастырылды. Мобилизациялық резервтерді жасақтау және қысқа мерзімді әскери қызметтің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 




Яндекс.Метрика