Басқару

Қазақстанда төмен жалақыға байланысты аграрлық ғылымда кадр тапшылығы байқалуда – АШМ

Өзгеріс аграрлық ғылымның кадрлық әлеуетінің түскенін көрсетеді. Кадрлық әлеуеті сараптамалық орталығы көрсеткендей, қызмет мансабының жүйесі мен ғылым қызметкерлерінің еңбегін бағалау жастар тарапынан қызығушылықты арттыру үшін жұмыс істемейді, деді Ауыл шаруашылығының вице-министрі Ермек Көшербаев Парламент Сенатының көшпелі отырысында.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 13:53

«Агроөндірістік  кешен қызметкерлерінің алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  технологиялық жаңғырту мен ауыл шаруашылық саласын инновациялық   дамытуды  ғылыми-оқыту мекемелеріне қызмет көрсеткіштерін енгізу арқылы жүзеге асыруға болады. Бүгінде АӨК саласындағы ғылыми-оқыту  бағытында 3 аграрлық ЖОО, 23 ғылыми-зерттеу институты, 31 филиал, 7 тәжірибелі шаруашылық, 7 селекциондық станция, 4 сервистік компания бар», - деді Е.Көшербаев.

АШМ ғылыми бағдарламаларын қаржыландыру 2012 жылмен салыстырғанда  27 пайызға ұлғайып, 4,2 млрд теңгені құрады.

«Ғылыми қызметкерлердің саны 1211 адамды құрайды, оның ішінде 125 адам ғылым докторлары, 366 адам ғылым кандидаты.  Ғылыми мекемелердің жұмысына 4313 адам жұмылдырылған», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, аграрлық ғылымның кадрлық әлеуетінің  сараптамасы көрсеткендей, қызмет мансабының жүйесі  мен ғылым қызметкерлерінің еңбегін бағалау  жастар тарапынан қызығушылықты арттыру үшін жұмыс істемейді.

«Кадрларды дайындау мен қалыптастырудың бірыңғай жүйесі жоқ. Қаржыны бөлу қызметкердің қайтару ниетінен емес, лауазым бойынша бөлінеді. Орталық басында шығармашылық тұлға емес, жетекші отырады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика