Ұлттың денсаулығы

АҚШ, Швеция, Италия және Польшаның 6 оқу орны медициналық ЖОО-ларда ЭЫДҰ стандартын енгізеді

АҚШ, Швеция, Италия және Польшаның 6 оқу орны медициналық ЖОО-ларда ЭЫДҰ стандартын енгізеді, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қоғамдық кеңес отырысында.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 13:04

«ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің,  Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру.. Оның негізгі міндеті - жұқпалы және негізгі жұқпалы емес ауруларды бақылау және эпидемиологиялық қадағалау; профилактикалық шараларды өткізу; халықтың хабардарлығын арттыру және т.б», - деді ол.

Медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін енгізу мақсатында Жол картасы жасалып, 5 үйлестіру кеңесі құрылды, сондай-ақ, оған жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталды.

«Отандық медициналық ЖОО-дағы кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында әлемдегі 500 үздік университеттер қатарына кіретін стратегиялық әріптестерді шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия және т.б. елдердегі медициналық мектептер. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап 6 медициналық колледжде мейірбикелерді дайындаудың финдік үлгісі енгізілетін болады», - деді ол.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша жобалау тобы құрылып, инфрақұрылым мен МЖМӘ-ні дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аймақтардың медициналық картасы жасалуда. «Картада азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қажет болатын денсаулық сақтау ұйымдары нысандарының саны анықталатын болады. Тізімделген нысандарға құрылыс, қайта құру, жеке секторды тарту мен жекелеген нысандарды МЖМӘ тетіктерін қолдана отырып, сенімді басқару ісі кіреді», - деді министр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика