Евразиялық одақ

Д.Жүнісова: Қазақстан кедендік әкімшілік етуді оңтайландырады (БЕЙНЕ)

Қазақстан кедендік әкімшілік етуді оңтайландырады. Биыл халықаралық тәжірибені қолданудың пилоттық жобасының құрылыс мүмкіндіктері қаралады, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 19:18

«Өздеріңіз білетіндей, осы айда ғана ҚР Премьер-министрдің бұйрығымен кедендік әкімшілік етуді жеңілдету туралы жоспар қабылданды.  Бұл жоспар өте тиімді әрі қажет. Онда үдерістерді қалай жеңілдету мен оңтайландыру керектігі жөнінде жақын уақыттардағы перспективаларды қамтитын бірқатар шаралар бар»,-деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар ол, ЕАЭО жаңа кедендік кодексін дайындау аясында кедендік процестерде ашықтық пайда болуы керек, деп атап өтті. Д.Жүнісованың айтуынша, ол толық талданатын болады.

«ҚР-да барынша ашық көрсетілген 17 кедендік процесс бар. Оларда электронды декларацияға басымдық берілген. Жаңа мүмкіндіктер үшін кедендік органдар орындарында отырып пайдалана алу үшін дайындалған. Біз кедендік рәсімдеу бойынша халықаралық тәжірибелерді қарадық. ТМД елдерінің ішіндегі Грузияның тәжірибесі тиімді әрі өнімді болып шықты. Грузияда кедендік рәсімдеу аймағы бар. Біз делегациямен онда бірнеше рет барып тәжірибе алмастық»,-деді ол.

Биыл Қазақстан пилоттық жоба құрылыстары бойынша типтік жобаларды қарастыратын болады.

«Біз ҚР ҰКП ретінде, бізде ондай мүмкіндіктер, соған сәйкес  заңда міндет те бар. Біз бір пилоттық жобаның құрылысына ұмтылатын боламыз. Сол арқылы барлық кедендік процедураларды сәйкесінше байқайтын боламыз»,-деді Д.Жүнісова.

Индира Қауметова

 





Яндекс.Метрика