Ұлттың денсаулығы

Т.Дүйсенова: Жасырын аудит қазалы жағдайларда медицина мекемелерінде дәрігердің қатесін төмендетуге көмектеседі

Жасырын аудит қазалы жағдайларда медицина мекемелерінде дәрігердің қатесін төмендетуге көмектеседі, деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова министрлік жанындағы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес алдындағы есептік кездесуінде.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 12:09

«Біз дер кезінде алдын ала алмай қалған дәрігерлердің қатесі шынымен бар. Бәлкім, біліктілікке немесе халықтың өзіне байланысты шығар. Егер тікелей медициналық бөлікке қатысты болса, ана мен бала өлімі бойынша жасырын аудит – ондай жүйе бұрын да болған, бірақ жұмыс істеген жоқ. Бұл жүйе дүние жүзінде қалай жасалатынында. Аудитке сәйкес, әр ұйым қазалы жағдайдың қалай болғанын, өрбуін, қандай қимылдар жасалғаны жайында аурухананың өзіне, дәрігерлер мен пациентке бағыттамай-ақ көрсете алады»,-деді Тамара Дүйсенова.

Министр жасырын аудит дәрігерлердің неге көңіл бөлу керек екеніне көздерін жеткізеді, деп атап өтті.

«Мұндай аудитті біз барлық бағыттар бойынша дамытатын шығармыз. Біздің дәрігерлер қорықпай, қателіктерін жасырмай айтулары керек. Оданда соны ашып көрсеткен дұрыс. Біз бағдарламада келесі жолы қайталамау жолдарын алдын ала қарастырдық»,-деді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы дәрігерлердің кәсібилік мәселелеріне назар аударды. Оның айтуынша, ондай жоба дайындалды, бірақ, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу есебінен қайта қарастыру керек.

«2018 жылдың екінші жарты жылдығына дәрігерлердің кәсіби жауапкершіліктері туралы заң жобасын қарайтын боламыз. Бұған барлық дәрігерлер ассоциациясы ұлттық денсаулық сақтау палаталарымен бірге қатысулары қажет. Жұмыс басталды, бірақ аяқталған жоқ. Тағы да оның өзектілігін көтеру керек. Біз жұмыс тобын құрып, жұмысты бастауға дайынбыз. Бұл тұрғыда халықаралық тәжірибелерді қарастырып, нақтылауымыз керек. Сондықтан, қарайық та бір пікірге келейік», деп қортты сқзін Т.Дүйсенова.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика