Жаңа қазақстандық патриотизм

Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 09:15

« «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы                 № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,       1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж.,   № 68, 977-құжат; 2013 ж., № 19, 316-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

«жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – 21 мамыр»;

25-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі».

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».




Яндекс.Метрика