Білім беру

Қазақстранда медбикелерді ЖОО-да оқытуды бастайды

Қазақстанда медициналық медбикелерді Жоғары оқу орындарында оқытады. Бұл туралы қоғамдық кеңес алдында есеп берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 11:37

«Медколледждерге келетін болсақ. Соңғы 3 жылда бізде финдік әріптестер жұмыс істеді. Олар Қазақстанның барлық 64 колледжін аралады. Олар 1 қыркүйектен бастап еуропалық директив стандартын енгізеді», - деді Т.Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, медбикелерді оқыту колледжерде ғана емес, әкімшілік жұмыстар үшін ЖОО-ларда да өтеді.

 «Бірінші – колледж бітіретін медбикелер күту жұмысымен айналысады. Екіншісі – медициналық көмек көрсетітін медбикелер, бакалавриат бітіргендер – медбикелердің жоғары мектебі. Оларды медициналық колледждер дайындайды. Үшіншіден – олар әкімшілер. Әлемдік тәжірибе де енгізілетін болады», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика