"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Т.Дүйсенова: 4 миллионға жуық қазақстандық түрлi аурулармен диспансерлiк есепте тұр

4 миллионға жуық қазақстандық азамат түрлi аурулармен диспанскерлiк есепте тұр. Бұл туралы қоғамдық кеңес алдында есеп берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 11:34

«Азаматтардың денсаулығын басқару жүйесiн енгiзудiң екiншi бағыты – жүйеге азаматтардың өздерiнiң қатысуын қамтамасыз ету. Келесi көрсеткiштерге назар аударсақ, 4 миллионға жуық азамат диспансерлiк есепте тұр. 4 млн дегенiмiз бүкiл халықтың шамамен төрттен бiр бөлiгi. Диспансерлiк есепте тұрған пациенттердiң 40 пайыздан астамы аса қауiптi артериялық гипертензия, қант диабетi, жүрек ауруларымен ауырады», - дейдi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, өткен жылы диспансерлiк есепте тұрған барлық азаматтың 41 мыңында инсульт болса, өкiнiшке қарай 24 пайызы өлiмге себеп болған. 82 мың адамда миокард инфарктi болса, олардың 12 пайызы көз жұмған. Осыған байланысты, бағдарламада аурулардың алдын алу жұмыстарын күшейту және ауруларды басқару бағдарламасын енгiзу қарастырылған. Бұл – денсаулықты басқару жүйесiнiң екiншi бағыты саналады.

 




Яндекс.Метрика