Ұлттың денсаулығы

ДСӘДМ дәрілік заттарды алуды жеңілдетті

ДСӘДМ дәрілік заттарды алуды жеңілдетті. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-нің стратегиялық жоспардың негізгі көрсеткіштері, 2015 жылғы және 2016 жылдың 5 айындағы мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері, алдағы кезеңнің жоспарлары туралы Қоғамдық кеңесте есеп беру кезінде хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 11:04

«ҚР ДСӘДМ дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаның халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындады», - деді Т.Дүйсенова.

Өткен жылы шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді.

«Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда», - деді министр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика