Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Германия өнеркәсіп, инвестиция және туризм салалардағы ынтымақтастықты дамытуға келісті

Қазақстан мен Германия өнеркәсіп, инвестиция, туризм және энергетика, сонымен бірге денсаулық сақтау, білім, қаржы және т.б. салалардағы ынтымақтастықты дамытуға келісті, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде24 Маусым , 11:21

2015 жылы 23 маусымда Шверин қаласында (Германия) ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі А.Рау мен ГФР экономика және энергетика федералдық министрінің орынбасары Экхард Францтың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия халықаралық жұмыс тобының 10-отырысы өтті. Жиынға екі елдің 50-ден астам мемлекеттік және іскер топ өкілдері қатысты.

Қазақстан - Германияның Орталық Азиядағы басты экономикалық әріптесі, ал Германия – біздің елдің Еуропадағы негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі.

2005 жылдан бері Германиядан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестиция 3,6 млрд. АҚШ долларын, ал Қазақстаннан Германияға тартылған инвестиция көлемі 217 млн. АҚШ долларын құрады.

2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда германиялықтардың қатысуымен 1373 филиалы мен өкілдігі, заңды тұлғалар тіркелген, олардың 846-ы жұмыс істеп  тұр.

 

 

 




Яндекс.Метрика