Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Тәжікстан партияаралық ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстанның Халықтық Демократиялық Партиясы (ТХДП) төрағасының бірінші орынбасары Саидмурод Фаттохзодамен кездесу өткізді.
Әлемде 24 Маусым, 09:47

Тараптар партияаралық және парламентаралық  ынтымақтастық, екіжақты қарым-қатынастардың кең топтамасы бойынша пікір алмасты, деп хабарлады СІМ.

С. Фаттохзода мемлекетаралық қатынастардың барлық бағыты бойынша екіжақты ынтымақтастық одан әрі тереңдей түсетініне сенімін білдірді.

ТХДП төрағасының бірінші орынбасары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп жатқан саясатына оң бағасын берді.

Өз кезегінде, Н. Сейтімов сұхбаттасушыны «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныстырдыБұл құжат жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары екенін атап өтті.

Сондай-ақ, елші ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы Қазақстан Президентінің халықаралық бастамалары туралы баяндай отырып, тәжік тіліндегі «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін табыс етті.

 





Яндекс.Метрика