Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық мониторингтің қорытындысы шығарылды

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 09:05

«Отырыста Төтенше жағдайлар министрінің, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Алматы облысы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы қызмет, сондай-ақ орын алған кемшіліктерді жою шаралары туралы есептері тыңдалды», - делінген хабарламада.

Комиссия мүшелеріне Қазақстанның бірқатар облыстарындағы мемлекеттік  органдар мен ұйымдардың мемлекеттік рәміздерді пайдалану стандарттарын сақтауы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері ұсынылды. Тексеру нәтижесі мемлекеттік ту, елтаңба және әнұранды орналастыру мен ауыстыру ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ орнатылған мемлекеттік рәміздердің техникалық және басқа да талаптарға сай келмеуі фактілерін анықтап берді.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, нақты тапсырмалар берілді.

 

 




Яндекс.Метрика