Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен М.Ғани сауда-экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде23 Маусым , 19:41

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін, оның ішінде сауда-экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейту перспективаларын талқылады.

Бұдан бөлек, екі ел көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында өтіп отырған кездесудің маңыздылығына тоқталды.

«Сіздің Астанаға сапарыңыздың қорытындысы бойынша бірқатар маңызды келісімдер жасалды. Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Қазақстан сіздің елге астық жеткізеді. Сонымен қатар, осы жылы Кабулда үкіметаралық комиссияның отырысы болады. Онда елдеріміздің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары қарастырылады», – деді Қазақстан Президенті.

М.Ғани Нұрсұлтан Назарбаевты алда келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

« Қазақстан Ауғанстанның маңызды сауда серіктесі болып саналады. Біз де үкіметаралық комиссияның алдағы отырысынан зор үміт күтеміз», – деді Ауғанстан Президенті.

 




Яндекс.Метрика