Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ШҚО-да Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметтің перспективаларын талқылады

Ұлт жоспары 5 институционалды реформаны жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет саласындағы енгізілген өзгерістер қызметкерлердің өсуі, жақсы нәтижесіне қарай жалақының көбеюі жастарды ынталандырады,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің басқарма бастығы Марат Қожахметов аймақтағы орталық коммуникациялар қызметінде.
Шығыс Қазақстан 23 Маусым, 19:34

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 688 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Олардың 521 жергілікті атқарушы орган. Штаттық есепте аймақтағы мемлекеттік қызметкерлер 8335 бірлікті құрайды. Осы жылдың 5 айында 531 орынға ішкі конкурстар және 343 жалпы орын ауыстырулар жүргізілген.

Баспасөз конференциясы барысында елдің мемлекеттік қызмет моделі канадалық модельмен салыстырылды.

«Әдетте Қазақстан Сингапурмен және Кореямен салыстырылатын. Менің ойымша, біздің елдің мемлекеттік қызметін Канадамен салыстыруға болады. Бізде ортақ ұқсастықтарымыз көп: үлкен территория, халықтың аздығы, полиэтникалық, политілдік»,-деді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлдық акфедраның доценті Элеонара Столярова.





Яндекс.Метрика