Білім мен кәсіби машық

2013 жылдың желтоқсанында ИЖТМ Қазақстан энергетиктерінің біліктілігін бағалау жүйесін енгізеді

Қазақстан энергетиктерінің біліктілігін бағалайтын жаңа жүйе желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде енгізілмек, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қараша , 09:23

«Жетекшілердің, өндіріс жұмысын атқаратын және техникалық жағдайды бақылау мен электр және энергоқондырғыларды қлоданысқа беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылу мен электр энергетикасын тарататын, сонымен қатар үнемдеу мақсатында энергетиканы шоғырландыратын ұйым мамандарының біліктілігін тексеретін жаңа біліктілік ережесі 2012 жылдың 30 маусымындағы ҚР Үкіметінің №893 Қаулысымен бекітілді», - делінген хабарламада. 

Хабарламада айтылғандай, энергокәсіпкерліктің жоғарғы жетекшілеріне қойылған талап секілді құрылымдық бөлімдердің инженерлік-техникалық мамандары мен жетекшілері және еңбек қауіпсіздігі мамандарына да біліктілік бағалау шаралары қарастырылуда. Энергетикатердің кәсібилігін бағалау жұмыстарын екі кезең бойынша өткізу жоспарланған. Бірінші кезеңде мемлекеттік немесе орыс тілінде автоматты компьютерлендірілген тестілеу өткізіледі.

Биыл 1700 энергетиктің біліктілігін тексеру жоспарланған. Ол үшін елде Мемлекеттік энергетика бақылау комитетінің аймақтық департаментінде біліктілік комиссиялары құрылған.

«Энергетика саласында тиімді мемлекеттік бақылау және тексеру жүйесі бойынша жауапты жұмыстар атқарылмақ. Нәтижесінде қоғам энергетика саласындағы мамандар мен жетекшілердің жоғары біліктілікті құрамына қол жеткізбек», - дейді ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетика бақылау және тексеру комитетінің төрағасы А.Тұрлыбек.

Аталмыш тестілеу бойынша сұрақтар дайындалды. 120 және 100 сұрақтан тұратын бақылау жұмысы екі сағатқа созылады. Сынақтан сүрінбей өту үшін энергетиктер кемінде 85 пайызына дұрыс жауап беру керек.




Яндекс.Метрика