ҚР Президентінің Жолдауы

Ж.Дулатов: Ауылдарда пайыздық ставкасымен 7%-дан аспайтын шағын несие сомасы 15 млн. теңгені құрайды

Ауылдарда пайыздық ставкасымен 7%-дан аспайтын шағын несие сомасы 15 млн. теңгені құрайды, деді ҚР «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту Департаментінің директоры Жеңіс Дулатов Strategy2050.kz АА берген сұқбатында.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 08:57

Бізде несие алу үшін қойылатын талаптар келесідей: бірінші кезекте аталмыш несиені елді мекендерде, шағын және моноқалаларда тұратын кәсіпкерлер ала алады. Қала тұрғындары мен басқа да кәсіпкерлер бұл несиені ала алмайды. Сондай-ақ, біз несиені тұтыну мақсатына, сауда қызметіне бермейміз.  Тек, қайта өңдеу, қызмет көрсету сияқты салалар бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері несие алуға құқықтары болады»,-деді сарапшы.

Ж.Дулатов ең жоғарғы несие сомасы 15 млн теңгені құрайтынын атап өтті.

«Түрлі аймақтарда пайыздық ставкасы әртүрлі. Егер біз қаржылай қолдау қорлары сияқты қаржы институттары арқылы жұмыс істейтін болсақ, онда аймақтық шағын қаржы ұйымдарына пайыздық ставка бізде 7%. Егер өзіміз құрған шағын қаржы ұйымдары болса аймақтарда оларға 4%. Сондықтар әр аймақта пайыздық ставка әртүрлі болады»,-деп түсіндірді ол.

Бұдан бөлек, маманның айтуынша, бағдарлама тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерге ғана емес, бизнесін енді бастайтындарға да арналған.

«Басым көпшілігі аталмыш бағдарламаны жас кәсіпкерлер, ауылда бизнес жасайтын әйелдер, несиені сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысқысы келген мүмкіндігі шектеулі адамдарда ала алады. Бұл әлеуметтік жоба халықтың қаржыға қолдары жетпей жүрген, ешқандай жерден: банктен және қаржы институттарынан несие ала алмайтын топтарын қолдауға бағытталған»,-деді Ж.Дулатов.

Индира Кауметова

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика