Баланы қорғау

Астаналық 17 мектеп оқушыларына мұздағы қауіпсіздік туралы дәріс өткізді

Бүгін, 26 қараша күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қалалық Білім басқармасымен бірге мерзімдік қауіпсіздікке байланысты интерактивтік сабақ өткізді, деп департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 18:24

Сабаққа 17 мектептің 510 оқушысы қатысты. Интерактивтік сабаққа Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы - Тергембаева Кенжегүл Ілиясқызы; Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметінің аға әдіскері - Зуева Тамара Анатольевна және Ішкі істер департаментінің өкілі қатысты.

ІІД-нің маманы жолдағы қауіпсіздік шараларына тоқталды.  Интерактивтік сабақ соңында оқушылар өткізілген сабақ туралы жағымды ойлары мен тілектерін қалдырды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика