Адами капитал

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілердің оқу-әдістемелік жиыны басталды (ФОТО)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиын басталды. Аталған қолбасшылыққа қарасты 25744 әскери бөлімінде өткізілетін іс-шараға 60-тан аса офицер қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 23 Маусым, 20:42

Олар: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінің командирлері мен олардың орынбасарлары. Жиын кезінде әскери қызметшілер өздерінің кәсіби даярлығын арттырды. Жиынның алғашқы күні әскери қызметшілер әскери-ғылыми конференцияға қатысты.

Аталған конференцияда мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігі және басқа тақырыптарда дәрістер оқылды. Басшылық құрам теориялық білімін арттырып, сондай-ақ практикада өз шеберліктерін шыңдады.

Әскери қызметшілер дене даярлығы бойынша 100, 1000 және 2000 метрге жүгіруден сынақ тапсырып, басқа да спорт түрлері бойынша сайысқа түсті. Аталған сынақтардан кейін әскерилер «Оймаша» полигонына келіп, қаруды қолдану мен атыс машықтарынан шеберліктерін көрсетті. Роталық-тактикалық жаттығу олардың жарты жыл бойы атқарған еңбегінің көрсеткіші болды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов жиынның өту барысын тексерді.


 





Яндекс.Метрика