Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Ет экспорты әлеуетін дамыту жобасының алғашқы нәтижелерін 2014 жылы көре бастаймыз – АШМ

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде ет өндірісі саласындағы кәсіпкерлік өкілдері, ғылыми қызметкерлер, қаржыландырушы ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен республикалық палата өкілдерінің қатысуымен ет экспорты әлеуетін көтеру мәселесі бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қараша , 18:10

«Сиыр етін өндіру технологиясына сай, нәтижеге қол жеткізу үшін жобаның қолға алынған уақытынан бастап 4 жыл қажет көрінеді. Демек, сиыр етін дайындау уақыты 4 жылды құрайды. «Ірі қара етін экспорттау әлеуетін дамыту» жобасы 2010 жылы қолға алынған еді. Ал 2012 жылы барлық бағыттар бойынша толық іске кірісті. Яғни, алғашқы нәтижелер 2014-2015 жылдары жеміс бере бастайды деген сөз», - дейді ҚР АШМ вице-министрі С.Исаева.

Осыған қарамастан жобаның алғашқы нәтижелері қазірден бастап көрініп жатыр. 2013 жылы «премиум» атты жоғарғы сапалы ет өнімдері сыртқа сатыла бастады.

«Енді біз «премиум» классты мраморлы сиыр етін сата бастаймыз. Оның сапасы өте жоғары. Оның негізгі сұранысы супермаркеттер мен мейрамханаларда. Тиісінше халық арасында үлкен қызығушылыққа ие», - делінген хабарламада.

2013 жылдың 25 қарашасындағы мәлімет бойынша 3877 тонна ет пен ет өнімдері, соның ішінде 155 тонна сиыр еті сыртқа сатылған.

Атап айтар болсақ, «Кроун Батыс» бордақылау қорасынан Ресейге 148 ет жөнелтілген. Бұлш көрсеткішті жыл соңына дейін тағы 500 тоннаға жеткізбек.

Сонымен қатар «Agro Export LTD» кәсіпкерлігі 2013 жылы 300 тонна ет пен ет өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика