Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

Қазақстан парламентшілері Түркияға барды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов бастаған бір топ қазақстандық парламентшілер парламентаралық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Түркияға барып қайтты.
Әлемде26 Наурыз , 00:00

Сапар барысында Түркия Республикасының басқарушы Әділет және даму партиясының бас хатшысы, «Түркия – Қазақстан» парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипекпен кездесу өтті. Ақан Бижанов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мазмұнымен таныстырып өтті. Өз кезегінде Х. Ипек Түркияның бас партиясының экономикалық және әлеуметтік саясаты жайында әңгімеледі. Тараптар парламентаралық және партияаралық байланысты кеңейту және тереңдету қажеттігі туралы, сонымен қатар бауырлас елдердің одан арғы саяси және экономикалық дамуына ықпал ету жөнінде келісті.

Қазақстандық делегация мүшелері атақты қазақстандық композитор Мұқан Төлебаев жылының ашылу салтанатына және Қазақстан мен Түркия елдерінің дипломатиялық қарым-қатынасына 20 жыл толуына орай Түркиядағы Қазақстан елшілігі қазақ және түрік тілдерінде басып шығарған «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы» атты кітаптың тұсаукесеріне қатысты.




Яндекс.Метрика