Білім беру

ШҚО-ның 450 оқушысы сауықтыру лагерінде демалады

Шығыс Қазақстанның оқушылары жазғы демалыстарын тиімді өткізеді. Үштілділік өңірлік бағдарламасы аясында тілдік сауықтыру лагерлері іске қосылды. Осы жылы 450 оқушы аталмыш орындарда демалады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан24 Маусым , 09:32

Үш мерзім бойынша ШҚО оқушылар тобы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сауықтыру лагерінде үйренеді. Балалар үшін  тілдерді тасушылардың басшылығымен шеберлік сыныптары, тақырыптық семинарлар өтеді.

«Бәйтерек» лагерінде 150 орыс тілді оқушы қазақ тілін Қанат Тәсібековтың «Оқиғалық қазақша» әдістемелік кітабы арқылы үйренеді.

«Үштілділік өте қажет. Біз орыс тілін құрметтейміз, жаңашылдық ол ағылшын тілі. Біз Қазақстанда өмір сүреміз, сондықтан мемлекеттік тілді білуіміз керек. Бұл мен үшін балалар жұмыс істеудің жарқын тәжірибесі», - деді ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде Қанат Тәсібеков.

 

 




Яндекс.Метрика