Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Алматыда Индустриялды аймақты дамытуға арналған жобалар мақұлданды

Алматыда әкім Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Алатау ауданындағы Индустриалды аймақты дамытуға кіретін инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы26 Қараша , 18:00

Барлығы фармацевтикалық, жеңіл, жиһаз, химия өнеркәсібі мен құрылыс индустриясының 17 жобасы қарастырылды. Қала басшысы Индустриалды аймақтың мегаполисты дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша жалпы сомасы 23 млрд теңгеден асатын 13 жоба мақұлданды. Алдын ала болжам бойынша, бұл 2700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«400 га аумақта орналасатын Индустриалды аймақ 20 мың жұмыс орнын құрады. Бұл Алматы қаласы өндірісінің жалпы көлемін 1,5 есе ұлғайту, қосымша инвестициялық ресурстар тарту мен жетекші инновациялық технологиялар трансферті секілді бірқатар басым мәелелерді шешуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті қала әкімінің баспасөз қызметінде.

 




Яндекс.Метрика