Атаулы әлеуметтік қолдау

ҚР-да арнайы әлеуметтік көмек енгізудің арқасында 343 мүгедек бала отбасына оралды

Елде арнайы әлеуметтік көмек қызметін енгізудің арқасында 343 мүгедек бала психоневрологиялық медицина-санитарлық балалар ұйымынан өз отбасыларына оралды, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директорының міндетін атқарушы Айгүл Табергенова.
Казахстан26 Қараша , 17:29

«2009 жылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Ол халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне жаңа серпін бергені анық», - дейді А.Табергенова.

Қазақстанда интернат үйлеріне балама ретінде қарттар немесе мүгедек жандармен, психоневрологиялық науқасқа шалдыққан жандармен және тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған балалармен жұмыс істеу мекемесі құрылған болатын.

«Аталмыш жаңа қызмет көрсету формасы еліміздің 13 өңірін қамтып, 3 мыңнан астам адаммен жұмыс істейді», - дейді А.Табергенова.

Оның айтуынша, мұндай форманың дамуындағы басты жетістік – 343 мүгедек бала психоневрологиялық медицина-санитарлық балалар ұйымынан өз отбасыларына оралуы». Сонымен қатар 410 ата-ана жұмысқа тұру мүмкіндігіне де қол жеткізген.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика