Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Н.Нығматулин: Президенттің «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басым бағыттары- Парламент жұмысының негізгі бағдары

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы рөлі» халықаралық конференция барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгінгі заңнамалық қызметтің ең алдымен «Қазақстан- 2050» президенттік стратегиясын заң жағынан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 16:45

«Қазірдің өзінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, мемлекеттік қызметтер, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, салықтық және бюджеттік кодекстерге өзгерістер енгізу мәселелері бойынша заңдар қабылданды», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық- атқарушылық кодекстер, әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы кодекс, сондай-ақ, кәсіподақтар туралы, меншіктік құқықты қорғауды күшейту, Сот шешімдерінің жүйесін жетілдіру сынды маңызды заң жобалары жұмысқа алынды.

 Жалпы айтқанда, парламент өзінің 20 жылдан астам қызметінде 2132 заң қабылдаған. Олардың қатарында 3 конституциялық заң, 17 кодекстер және 872 халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заңдар бар. Орта есеппен алғанда, бір шақырылым 500- ге жуық заңдар қабылдаған.

Парламент жұмысы жайлы айта келіп, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің жоғарғы заң шығарушы органына жүктелген қызметтің тиімді  атқарылуы үшін қолайлы жағдай жасау жолындағы теңдессіз рөліне баса назар аударды.

 




Яндекс.Метрика