«Көппартиялы Парламентті қалыптастыру біздің еліміздің демократия жолында жасап жатқан тағы бір нақты қадамының көрсеткіші,- деді Мәжіліс Спикері. Одан әрі Нұрлан Нығматулин Парламенттің қазіргі құрамы туралы баяндай келіп, оның Елбасының стратегиясын жүзеге асыру жолындағы сындарлы жұмысына тоқталды», - делінген хабарламада.
«Әрине, барлық парламентарийлер өздерінің саяси бағдарламаларының негізгі бағыттарын ұстанады. Алайда, партиялық құрамы мен идеологиялық алуандықтарға қарамастан, Парламент өкілдері демократиялық рәсімдер негізінде өзара тиімді іс-қимыл жасайтындығын көрсете білді. Ең бастысы екі палата депутаттары да мемлекет пен халықтың мүддесі жолында шешімдер әзірлеп, қабылдайды. Бұл Қазақстанның заманауи саяси тәжірибесінде демократия мәдениетінің негізгі құндылықтарын басшылыққа алатындығының айшықты белгісі»,-деді Нұрлан Нығматулин.