Парламент

Н. Нығматулин: Қазақстанның Тұңғыш Президенті- парламентаризмнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы

Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы рөлі» халықаралық конференциясына қатысушылар алдында сөз алған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламетаризмнің қазақстандық үлгісін құру және дамытудағы зор рөліне тоқталды,деп палата аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 15:40

« Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мемлекеттілікті құру мен дамыту үшін заңнамалық биліктің рөлі мен ықпалын күшейту қажеттігін  баса айтқан болатын,- дей келіп, Нұрлан Нығматулин одан әрі қазақстандық парламентаризм тарихындағы маңызды кезеңдерге токталды», - делінген хабарламада.

Мәжіліс Төрағасы  Қазақстан Тұңғыш Президентінің бастамасымен дайындалып, 1995 жылы референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияға назар аударды. Дәл осы негізгі заңда алғаш рет «парламент»  түсінігі ресми бекітіліп, оның заңнамалық қызметтерді жүзеге асыратын еліміздің жоғарғы заң шығарушы орган болып табылатындығы  анық айтылды.

 Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Қазақстан екі палаталы парламенттік жүйеге таңдау жасаған кеңестік кезеңнен кейінгі алғашқы унитарлы мемлекет екенін атап айтты.

«Екі палаталы Парламенттік жүйеге өту заң шығармашылық үдерісінің тиімділігі мен ықпалдылығын арттырып қана қоймай,  сондай- ақ,  Қазақстанда демократия орнатудың тағы бір қадамына айналды»,-  деді Мәжіліс Төрағасы. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып табылатын 2007 жылғы конституциялық реформа Қазақстанда парламентаризмді дамытудың заңды жалғасы.

Сайлаушылар жекелеген үміткерлерге емес, партиялық бағдарламаларға дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Конституциялық түзетулердің негізгі жаңалықтарының  бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясына  еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде түрлі этностардың өкілдіктерін қамтамасыз ететін ұйым ретінде конституциялық мәртебе берілуі болды.

«Қазақстан Парламенті Жоғарғы Кеңестен екі палаталы кәсіби заңнамалық органға дейінгі күрделі жолдан өтті. Парламентаризмнің қазақстандық үлгісі өзінің тиімді заң шығармашылық қызметі арқылы мемлекеттің экономикалық өркендеуіне, қоғамдық - саяси тұрақтылықты нығайтуға, ұлттық келісім мен бейбітшілікті сақтауға жол аша алатын  қабілетті екенін дәлелдеді»,- деді Нұрлан Нығматулин.




Яндекс.Метрика