Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Қазақстанда тұңғыш рет «Бүркітші» халықаралық фестивалі өтеді

28-30 қараша аралығында Қазақстанда тұңғыш рет «Бүркітші» халықаралық фестивалі өтеді, деп «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 16:59

«Мерекеге Қытай, Моңғолия мен Еуропаның аңшылары жиналады. Қазақстандық команданың құрамында аймақтардың ең үздік қатысушылары жиналған», - делінген хабарламада.

Ең бірінші сайыс 28 қараша күні өтеді. Онда бүркітшілер өз құстарының «қолға шақыру» және «шырғаға салу» қызметімен таныстырады.

Сондай-ақ, фестиваль аясында «Жыртқыштарды қолға тәрбиелеу өнері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Шараның бағдарламасына көрме мен қолөнер бұйымдарының таныстырылымы енеді.

Айта кетейік, фестиваль ұйымдастырушылары Ұлттық спорт түрінің Қазақстандық қауымдастығы мен бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ. 




Яндекс.Метрика