EXPO-2017

ЭКСПО-2017 қонақтарына «Байқоңыр» ғарыш айлағы көрсетілмек

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтарына Арал маңының көрсетуге лайық орындары таныстырылады. Бұл туралы облыс әкімі Болатбек Қуандықов айтып берді.
Қызылорда17 Желтоксан , 00:00

«Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешімі – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты жұмыстарының нәтижесі, оның халықаралық беделінің көрсеткіші. Екінші жағынан, бұл – біздің жас мемлекетімізге деген үлкен сенім және үлкен жауапкершілік», - деді Қуандықов. 

Әкімнің сөзіне қарағанда, ол Үкімет және Президент Әкімшілігі басшыларымен халықаралық көрмені өткізуге қатысты өз ұсынысымен бөлісті. 

«Көрмеге бес миллионнан астам шетелдік келеді деп күтілуде. Қонақтарға біздің өңірді таныстырып, «Байқоңыр» ғарыш айлағын, Қорқыт ата мемориалын, ежелгі қала орындарын және т.б. жерлерді көрсету жоспарлануда. Осы төрт жылдың ішінде облыс көптеп инвестиция тартуы тиіс. Қосымша қаражат республикалық бюджеттен бөлінуі мүмкін. Байқоңырға жақын қонған Төретам және Ақай ауылдарын абаттандыру жұмыстары тұр. Біздің ұсынысымыз оң шешім табады деген үміттеміз», - деді облыс басшысы.




Яндекс.Метрика