Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Санкт-Петербургтегі конференцияның басты тақырыбы Мемлекет басшысының «АТОМ» бастамасын іске асыру мәселесі болмақ – М.Әшімбаев

Санкт-Петербургтегі конференцияда талқыланатын басты тақырыптардың бірі Н.Назарбаевтың бастамасы – «АТОМ» жобасын іске асыру мәселесі болмақ, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық қатынас, қауіпсіздік пен қорғаныс комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Астана қаласы26 Қараша , 16:23

«29 қарашада Санкт-Петербургте «Қазіргі замандағы ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану мен таратпаудағы Парламентарияның рөлі» атты конференция өтеді. Оны ұйымдастыратын ҚР Парламениі Мәжілісі мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы. Конференцияға ТМД елдерінен, алыс-жақын өзге де шет елдерден 200-ге жуық депутат пен халықаралық ұйымдар қатыспақ. Біз онда қазіргі замандағы ядролық қарусызданудағы парламентарияның рөліне қатысты мәселелерді талқыламақпыз», - деді М.Әшімбаев.

Басты тақырыптардың бірі Мемлекет басшысының бастамасы «АТОМ» жобасын іске асыру мәселесі болмақ.

«Қазіргі әлемде үлкен маңызға ие болып отырған антиядролық қозғалыстардың ішінде қоғамды біріктіру, соның ішінде парламентарияларды, үкіметтік емес ұйымдарды, интеллигенцияны, түрлі қоғамдық орталарды біріктірудің мәні орасан», - деді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстанның ядролық қарусыздану мәселесін көтеруге толықтай моральдық құқы бар.

«Сіздер білесіздер ме, біздің территориямызда 1949 жылдан 1989 жылға дейін 450 ядролық жарылыстар болды. Одан Қазақстанның 1,5 млн азаматы зарбап шекті. Қазірге дейін оның зиянынан толықтай арылған жоқпыз. Енді осындай жарылыстар мен қаруланудан барлық әлемнің бас тартуы үшін еліміздің талабын дүние жүзі елдеріне естірту керек», - дейді М.Әшімбаев.




Яндекс.Метрика