Ә.Құсаинов атап өткендей, «Келісім мұнай-газ саласындағысалалық коэффициентті еңбекақы төлеуде қолдануға, жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аптасына жұмыс уақыты ұзақтығының 40 сағаттан аспауына бағытталған».
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы басшысының айтуынша, Келісім мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардағы ұжымдық келісім-шарттарды жасау үшін негізгі құжат, компаниялардағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау тетігі, еңбекақы және өтемақы төлеу бойынша төмен салалық кепілдер орнату, оларды ҚР еңбек заңнамасына және халықаралық еңбек құқығының нормаларына сәйкес ұсыну тетігін болып табылады.